ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ПРЕАМБУЛАСЫ – ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАР
2026 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының Преамбуласы түбегейлі жаңарып, ел дамуының негізгі бағдарын айқындайтын іргелі қағидаттарды бекітеді.
Жаңа Преамбулада адам құқықтары мемлекет қызметінің басты басымдығы ретінде айқындалған. Бұл – құқық пен бостандықты қорғау саясатының конституциялық деңгейде нығаюын білдіреді. Сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен келісім ел тұрақтылығының негізгі тірегі ретінде танылып, жалпыұлттық келісімді сақтау мемлекеттің стратегиялық міндеті екені көрсетілген.
Құжатта Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылық ретінде бекітіліп, мемлекеттіліктің мызғымас негіздері нақты айшықталады. Әділеттілік, заң үстемдігі және экологиялық жауапкершілік конституциялық деңгейге көтеріліп, тұрақты даму қағидаттары заңнамалық тұрғыда бекітіледі.
Сондай-ақ жаңа Преамбулада халықтың биліктің қайнар көзі ретіндегі рөлі айрықша атап өтіліп, ел басқаруда азаматтардың жауапкершілігі мен белсенділігіне ерекше мән беріледі.
Бұл өзгерістер Қазақстанның заманауи, әділетті және адамға бағдарланған құқықтық мемлекет ретінде дамуына берік негіз қалыптастырады.
KZ