Skip to content
Главная страница » Жарияланымдар

Жарияланымдар

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қорлары бойынша жөнсілтер (1917-2019 жылдар), 1-ші басылымы Шымкент қалалық мемлекеттік архивіне мемлекеттік сақтауға алынған архивтік қорлардың құрамы мен мазмұны туралы мәліметтерді қамтиды.

Архивтік қорлар бойынша жөнсілтердің негізгі мақсаты – ақпараттық қызметті пайдаланушыларға арналған архивтік қорларда сақтауда тұрған қор құжаттарының құрамы және мазмұнымен таныстыру болып табылады.

Жөнсілтер өндірістік-салалық тәртіп бойынша орналастырылған қорлар сипаттамаларынан тұрады. Мекемелер қызметінің сипаттамаларына сәйкес, қолдану тиімділігін қарастыру масқатында жөнсілтер маңызды салалар бойынша 19 тарауға бөлінген. 

Жөнсілтер архившілерге, ғалымдар мен зерттеушілерге, тарихшылар мен архивтік деректерді ізденушілерге (студенттер, оқушылар, мемлекеттік қызметкерлер мен заңгерлерге т.б.)  қажетті құжатты  жылдам әрі тез табуға арналған тиімді құрал болып табылады.

«Шымкент қаласының құрметті азаматтары» жинағы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив – 2025» кешенді жоспарына сәйкес, Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығына орай, республика көлемінде айрықша мәртебесі бар үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласының дамуына, өркендеуіне ерекше маңызды үлестерін қосқан, ел игілігі үшін жасаған еңбектерімен үлкен жетістіктерге жеткен, халықтың құрметіне бөленген әр саладағы үздіктердің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, дара тұлғалардың «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағына ие болғаны туралы 1967 жылдан        2021 жылға дейінгі мәліметтерді қамтиды.
Жинақ «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» ММ материалдарының, «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ, «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» КММ және «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» КММ архив қорларындағы құжаттар негізінде әзірленген.
Жинақты шығарудың басты мақсаты – қаланың өсуіне, өркендеуіне және дамуына айрықша үлес қосқан тұлғалардың өмірі мен қызметі туралы қалың көпшілікке таныту, келешек ұрпаққа рухани қазына, тарихи мұра ретінде насихаттау, сондай-ақ, екі мың жылдан астам тарихы бар Шымкент қаласының тарихын түгендеу болып табылады.

«Архив – тарих қазынасы» атты байқауға қатысушы студенттердің шығармашылық жұмыстарының жинағы
Жинақ Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-мен 2018 жылы дайындалды.
Шымкент қалалық мемлекеттік архиві өзінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында архив қойнауында жатқан тарихи, мәдени маңызы бар құжаттарды жарыққа шығару, архив ісінің маңызын студенттерге насихаттау мақсатында жоғарғы оқу орындарымен біріге отырып, 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында студенттер арасында архивтік құжаттар негізінде еркін тақырыпта шығармашылық жұмыстар бойынша «Архив – тарих қазынасы» атты байқау-конкурс өткізді. Оның басты мақсаты – қоғамымыз үшін аса бағалы, тарихтан терең сыр шертетін құнды, елімізге қатысты шет елдердің архивтерінен әкелінген тарихи маңызы бар мемлекеттік сақтаудағы архивтік құжаттарды жарыққа шығару, архивтің қоғамдағы рөлін, атқаратын қызметін, маңызын жас ұрпаққа жеткізу. Шымкент қалалық мемлекеттік архиві тарапынан жетекшілер бөлініп, студенттермен бірлесе отырып, жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізіліп, шығармашылық жұмыстарын жоғары деңгейде көрсете білді.
2017 жылдың желтоқсан айында байқауға қатысқан студенттердің жұмыстарын бағалау және үздіктерді анықтау мақсатында арнайы құрылған комиссия өз қорытындысын шығарып, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.
Осы жинаққа байқау-конкурсқа қатысып үздік деп танылған студенттердің шығармашылық жұмыстары енгізілген.

«Шымкент қаласының дамуына үлес қосқан әр саладағы үздіктер» атты құжаттар мен материалдар жинағының 1-бөлімі Республикасы Үкіметінің    2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив – 2025» кешенді жоспарына сәйкес, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жеке тектік қорлары негізінде әзірленген.

Бұл жинаққа денсаулық сақтау, спорт салалары мен сәулет өнеріне еңбегі сіңген қайраткерлер мен мәдениет қайраткерлерінің еңбектері мен өмірбаяндары туралы түрлі материалдар енгізілген.

Жинақты шығарудың басты мақсаты – халық арасына шыққан бірегей азаматтардың өмірі мен халқына сіңірген еңбектерін зерделеп, көпшілікке таныстыру, жеке дара тұлғалар туралы материалдарды жалпы оқырмандар қауымына, соның ішінде жастардың назарына ұсыну.

Осы жинаққа жастар арасында Кеңес Одағы кубогінің күміс жүлдегері, КСРО және Еуропа чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының 200-2018 ж.ж. бокстан ұлттық құрама командасының Бас бапкері Айтжанов Мырзағали Құланұлы, Түркістан облысы Сәулетшілер Одағының төрағасы, Қазақстанның құрметті сәулетшісі Әзімбаев Асқар Кебешұлы, екі рет Еңбек қызыл Ту орденінің, «Құрмет» орденінің, «Алтын дәрігер» атағының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», Бәйдібек және Түлкібас аудандарының «Құрметті азаматы» Жақсыбаев Абдуалы Жақсыбайұлы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Бауырмал сыйлығының лауреаты, Психология ғылымы халықаралық академиясының мүшесі Жәутікова Парида Мергенбайқызы, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, «Шымкент қаласының құрметті азаматы» Жұмалиева Бибі Елеуқызы, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Шымкент теміржол бөлімшесінің төрағасы, «Қазақстан мәслихатының Құрметті депутаты», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ерманов Ермекбай Тлеуұлы туралы деректер, ақпараттар, фотосуреттер, құжат көшірмелері мен өзге де материалдар топтастырылған.  

Туған қаламыздың азаматтарының еңбектерін тану және насихаттау, өскелең ұрпаққа үлгі-өнге ету қоғамның болашағы үшін маңызды. Жеке тектік қор құжаттары жылдан жылға тарихшылар мен зерттеушілер үшін үлкен сұранысқа ие болып келеді. Осы орайда, құжаттар жинағының қалың көпшілікке тигізер пайдасы мол.

«Чимкентъ… – Черняев… – Чимкент… – Шымкент» фотоальбомы (1864-2022 жылдар) бірінші басылым

Фотоальбомның бірінші басылымы 2022 жылы жарыққа шығарылды, барлығы 136 беттен тұрады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив – 2025» кешенді жоспарына сәйкес, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің құрылғанына      30 жыл толуына орай республика көлемінде айрықша мәртебесі бар үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласының көне көріністерін бейнелейтін фотосуреттердің деректерін «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» КММ, «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ, Федералдық архив агенттігінің «Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архиві» федералдық мемлекеттік мекемесі (РГВИА), Өзбекстан Республикасы «Ұлттық кино-фото-фоно құжаттар архиві» қорларынан жинақтай отырып, архивтік құжаттар негізінде дайындалған осы фотоальбомға 1864-2022 жылдар аралығын қамтитын қаланың көне және жаңа келбетін бейнелейтін фотоқұжаттар енгізілді.

Фотоальбом тарихи дерек, рухани мұра ретінде қалың көпшілік қауымға арналған.

Сырдария (Сыр-Дарья) облысы Шымкент /Чимкент/ уезі құжаттар мен материалдар жинағы (1864-1916 ж.ж.)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылдың 20 желтоқсанындағы № 953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві және Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің мамандарымен дайындалған. Жинаққа Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Шымкент қалалық мемлекеттік архиві, Түркістан облысының мемлекеттік архивтерінде мемлекеттік сақтаудағы Сырдария (Сыр-Дарья) облысының Шымкент (Чимкент) уезі туралы 1864-1916 жылдар аралығындағы архивтік құжаттары енгізілді.

Құжаттар жинағы көне Шымкент қаласының тарихын құжаттар негізінде танып-білуге, қызығушылық танытатын зерттеушілерге, тарихшыларға, оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, көпшілік оқырман қауымына арналған.

«Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектерінің жинағы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Узархив» агенттігінің 2023-2026 жылдарға арналған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімдерді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі практикалық іс-шаралар жоспарының 2-тармағына сәйкес, Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының архивтері күндері аясында 2024 жылғы 5 маусымда Шымкент қаласында өткізілген «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысымен дайындалды.

Жинақ зерттеуші-ғалымдарға, тарихшыларға, оқытушылар мен студенттерге, архившілерге және қызығушылық танытқан өзге де тұлғаларға, Қазақстан мен Өзбекстан тарихын танып білуге арналған.

«Шымкент қаласындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың тарихы» І томы (1868-2021 ж.ж.) құжаттар мен материалдар жинағы

Жинақта Шымкент қаласының 1868-2021 жылдар аралығындағы өнеркәсібінің тарихымен байланысты құжаттар мен материалдар жинақталған. Құжаттар жинағын әзірлеу барысында осы тақырыптағы Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің сондай-ақ, отандық және шетелдік архивтердің құжаттары пайдаланылды.

Жинақ зерттеушілерге, тарихшыларға, оқытушылар мен студенттерге, сондай-ақ, Шымкент қаласының тарихына қызығушылық танытатын қалың көпшілікке арналған.

«Шымкент қаласындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың тарихы» ІІ томы (1868-2021 ж.ж.) құжаттар мен материалдар жинағы

Жинақта Шымкент қаласының 1868-2021 жылдар аралығындағы өнеркәсібінің тарихымен байланысты құжаттар мен материалдар жинақталған. Құжаттар жинағын әзірлеу барысында осы тақырыптағы Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің сондай-ақ, отандық және шетелдік архивтердің құжаттары пайдаланылды.

Жинақ зерттеушілерге, тарихшыларға, оқытушылар мен студенттерге, сондай-ақ, Шымкент қаласының тарихына қызығушылық танытатын қалың көпшілікке арналған.

Шымкент қаласының ұйым, мекеме және кәсіпорындарының жеке құрам жөніндегі құжаттарының орналасқан  жері турлы анықтамалық (1920-2019 жылдар) Бірінші басылым І бөлім

Жалпы екі бөлімнен тұратын анықтамалықты  дайындаудың мақсаты – архившілер мен құжат іздеушілерге  жеке құрам құжаттарының орналасқан жері мен мекенжайы туралы толық мәлімет беру.

Шымкент қаласындағы ұйым, мекеме және кәсіпорындардың жеке құрам жөніндегі құжаттарының орналасқан жері туралы анықтамалық  Шымкент қалалық мемлекеттік архиві, Түркістан облысының мемлекеттік архиві, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивтерінде сақтауда тұрған қорлардың тізімінің негізінде дайындалған. Осы жинаққа Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жинақтау көзіне енгізілген 458 мекеме, ұйым, кәсіпорындарды қоса есептегенде, барлығы 1128 мекеме, ұйым, кәсіпорындар тізімге енгізілді.

Мекеменің атауы мен оның атауына енгізілген өзгерістер және олардың уақыт аралықтары көрсетілген.
Анықтамалық өндірістік-сала схемасы бойынша түзілген, мемлекеттік арнайы сақтауға өткізілген немесе мекеме, ұйым, кәсіпорындардың өзінде уақытша сақтауда тұрған жеке құрам құжаттары негізінде жасалған.
Анықтамалық қазақ және орыс тілдерінде дайындалған. Анықтамалық әрбір сала бойынша бөлінген және 18 тараудан тұрады. 

Шымкент қаласының ұйым, мекеме және кәсіпорындарының жеке құрам жөніндегі құжаттарының орналасқан  жері турлы анықтамалық (1920-2019 жылдар) Бірінші басылым ІІ бөлім

Жалпы екі бөлімнен тұратын анықтамалықты  дайындаудың мақсаты – архившілер мен құжат іздеушілерге  жеке құрам құжаттарының орналасқан жері мен мекенжайы туралы толық мәлімет беру.

Шымкент қаласындағы ұйым, мекеме және кәсіпорындардың жеке құрам жөніндегі құжаттарының орналасқан жері туралы анықтамалық  Шымкент қалалық мемлекеттік архиві, Түркістан облысының мемлекеттік архиві, Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивтерінде сақтауда тұрған қорлардың тізімінің негізінде дайындалған. Осы жинаққа Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жинақтау көзіне енгізілген 458 мекеме, ұйым, кәсіпорындарды қоса есептегенде, барлығы 1128 мекеме, ұйым, кәсіпорындар тізімге енгізілді.

Мекеменің атауы мен оның атауына енгізілген өзгерістер және олардың уақыт аралықтары көрсетілген.
Анықтамалық өндірістік-сала схемасы бойынша түзілген, мемлекеттік арнайы сақтауға өткізілген немесе мекеме, ұйым, кәсіпорындардың өзінде уақытша сақтауда тұрған жеке құрам құжаттары негізінде жасалған.
Анықтамалық қазақ және орыс тілдерінде дайындалған. Анықтамалық әрбір сала бойынша бөлінген және 18 тараудан тұрады. 

LoaderLoading…
EAD LogoTaking too long?

Reload Reload document
|Open Open in new tab
LoaderLoading…
EAD LogoTaking too long?

Reload Reload document
|Open Open in new tab