Skip to content
Главная страница » Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің Архив құжаттарын пайдалану және жариялау бөлімінің негізгі қызметі жеке және  заңды тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Мекеменің штаттық құрылымы бойынша бөлімде 8 қызметкер жұмыс атқарады.  ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген “Архив ісі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы басшылыққа алынып орындалады.  Осы қағиданың 2-бөлігі 4 тармағында  Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағиданың  1-қосымшаға сәйкес жазылған  өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамына, (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)  “электрондық үкімет” www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы жүгінеді. 

Көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне келген жағдайда бөлім маманының көмегімен   арнайы бұрыш арқылы қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен “электрондық үкімет” www.egov.kz   веб-порталы арқылы сұрау салынып, жүйеде  тіркеп, орындап, жауапты орындаушыға жолданып, жауапты орындаушы 8 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады зерделейді жалпы 11 күн ішінде нәтижесі яғни архивтік анықтама жүйеде  жіберіледі.  Құжаттары мемлекеттік сақтауда болмаған жағдайда 3 күн ішінде сұратылған құжаттардың түспегендігі жөнінде жауап беріледі. Мемлекеттік архивтен берілген архивтік анықтама заңды күші бар ресми құжат болып есептелінеді. 

Пайдаланушыларға қызмет көрсету үшін архивте оқу залы қарастырылған. Тақырыптық сұрау салулар бойынша архив қызметкерінің бақылауымен құжаттар беріліп, архивтің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, архивтік құжаттардың көшірмелері (ксерокөшірмелер, электрондық көшірмелер) беріледі.