Skip to content

СТК ОТЫРЫСЫ: ҚҰЖАТТАР ЖҮЙЕЛЕНУДЕ 📂 Бүгін, 2026 жылдың 30 қаңтарында…

СТК ОТЫРЫСЫ: ҚҰЖАТТАР ЖҮЙЕЛЕНУДЕ 📂

Бүгін, 2026 жылдың 30 қаңтарында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде қала әкімдігінің Сараптау тексеру комиссиясының (СТК) кезекті отырысы өтті.

Жиын барысында қаламыздағы мекемелердің құжаттарына сараптама жасалып, маңызды шешімдер қабылданды. Атап айтқанда:
✅ Істер номенклатурасы; ✅ Сараптау және ведомстволық архив ережелері;
✅ Тұрақты және жеке құрам бойынша істер тізімдемелері;
✅ Құжаттарды жою актілері қаралды.

📊 Отырысқа барлығы 34 мекемеден 56 құжат ұсынылып, сарапшылардың талқылауынан кейін толықтай келісілді.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты — қала тарихы мен мекемелердің құжаттық қорын сапалы әрі жүйелі сақтау.

#Шымкент #Архив #СТК #Құжат #Тарих ШымкентМәдениет