ШЫМКЕНТТЕ БАС ШЫРША ШАМЫ 21 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ЖАҒЫЛАДЫ
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 21 желтоқсан күні Шымкент қаласының Астана алаңында сағат 19:00-де қаламыздың Бас шыршасының шамын жағу салтанатына шақырамыз!
Жыл сайын қуаныш пен жылулық сыйлайтын бұл дәстүр биыл да өз жалғасын табады.
Мерекелік кеш барысында жергілікті және елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламалар өтеді.
Сахна төрінде:
Бағлан Жолдасов
Бота Әлімхан
Махмуд Урумбаев
Астана Қарғабай
Және отандық эстрада әншілері
Серік Гамза-заде
Айкерім Мамырова өнер көрсетеді.
Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары!
Қаламыздың Бас шыршасының шамын бірге жағып, жаңа жылдың нұрлы сәтін бірге қарсы алуға шақырамыз!
KZ