Skip to content

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві мен «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің бірлесуімен «Тәуелсіздік…

Шымкент қалалық мемлекеттік архиві мен «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің бірлесуімен «Тәуелсіздік және Конституция» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Қазақстаннның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау, Конституцияның қоғамдағы маңызын дәріптеу және тарихи құжаттар арқылы ұлттық құндылықтарды таныту.
Тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуі Ата Заңымыздың қағидаттарына сүйенеді. Конституция әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғап, қоғамдағы заң үстемдігі мен әділдіктің кепілі болып табылады.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыздың мәртебесі әрдайым биік болсын!