🔷«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің маманы М. Умбетова 2026 жылғы 02 маусымда «Шымкент қалалық музейлер бірлестігі» МКҚК қызметкерлеріне «Іс жүргізу және архив ісі» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.
🔷Өндірістік оқу барысында мекеменің архив ісіне жауапты мамандарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті бекіткен Үлгілік қағидалар негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔷Атап айтқанда:• істер номенклатурасына сәйкес құжаттарды қалыптастыру және ресімдеу тәртібі;• сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;• құжаттарды ведомстволық архивке өткізу тәртібі;• құжаттарды қабылдау, сақтау және есепке алу ережелері;• тізімдеме жасау;• тарихи анықтама құрастыру;• сақтау мерзімі өткен құжаттарға жою актісін рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
🔷Сонымен қатар, ведомстволық архив қызметкері мен жұмыс барысында туындаған мәселелерін талқыланып, практикалық көмек көрсетілді.
KZ


