Skip to content

370 қор – Алматы қ. «ҚР Орталық мемлекеттік архиві», «ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» қор құжаттарынан алынған Шымкент қаласы тарихы бойынша топтамасы (Коллекция «Документы по истории города Чимкента из архива «Центрального государственного архива РК», «Центрального государственного архива РК Научно Технической Документации» г. Алматы

370 қор 66 сақ.бір. 1917,1920,1923-1927,1929-1937,1939-1959жж.
Қор құжаттарында: 1917 жылғы Черняев (Чимкент) қаласы бойынша кірістер сметасы, 1920 жылғы Черняев Ревкомның хаттамалары, Черняев уездінің революциялық комитетінің бұйрықтары, Черняев қаласында Сыр-Дария облыстық халық ағарту бөлімін ұйымдастыру туралы Сыр-Дария облысы әскери округ комитетінің бұйрықтары, Сыр-Дария облысы уездік атқару комитеттері қызметкерлердің тізімі, 1923-1924 жылдар аралығындағы Орталық атқару комитеті мен Түркістан Республикасы Халық комиссарлары кеңесінің мәжілістері мен шешімдер журналы.