Skip to content

187 қор – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды қолдау қоры (Фонд поддержки социальных программ Южно-Казахстанской области)

187 қор 34 сақ.бір. 2000-2003жж. 2002-2003жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды қолдау қоры (Фонд поддержки социальных программ ЮКО) Негізгі мақсаттары: аз қамтамасыз етілген азаматтарды шағын несиелендіру шараларының жүзеге асырылуына,жұмыссыз азаматтарға қосымша жұмыс орнын ашу үшін заңды және жеке тұлғаларға қаржылық және инвестициялық қолдау көрсету, азаматтарға қолдау көрсету үшін қайырымдылық акцияларын, басқада қаржы жинау іс-шараларын, оларға материалдық және қаржылық ресурстар ұсынуды, қызмет көрсетуді ұйымдастыру, халықтың тұрмыс жағдайын арттыру жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу, азаматтарды қолдау мәселесі бойынша заңға қайшы келмейтін басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру болып табылады. Қор құжаттарында: жеке құрам бойынша бұйрықтары, еңбек ақысын есептеу жеке есеп шоттары, жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.