Skip to content

#Өңірлік_семинар ⚜️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 2025 жылы…

#Өңірлік_семинар

⚜️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 2025 жылы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында мемлекеттік және ведомстволық архивтердің қызметкерлері үшін «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері бойынша оқыту семинары жалғасуда.
⚜️Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы С.Н.Тащанова кіріспе сөз сөйлеп, оқыту семинарының барысын түсіндірді.
⚜️Жүйені демонстрациялау бойынша “IServ” ЖШС жоба менеджері Д.А.Балтабекова “Е-Архив” АЖ-нің функционалдық мүмкіндіктері”, ҚР Ұлттық архивінің Архивтік технологиялар және цифрландыру бөлімінің басшысы Е.Н.Жанабеков «Е-Архив” АЖ-де электрондық құжаттардың құндылығын сараптау» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқыту семинары сұрақ-жауап түрінде өрбіп, қатысушыларға түсіндіріліп, қорытынды жасалды.