#Өңірлік_семинар
⚜️Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 2025 жылы 6-7 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында мемлекеттік және ведомстволық архивтердің қызметкерлері үшін «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» мәселелері бойынша өңірлік семинары мен «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері бойынша оқыту жүзеге асырылады.
⚜️Семинардың негізгі мақсаты – архив ісі және құжаттама саласындағы заңнама нормаларын, нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру, оларды жұмыс барысында практикалық қолдану бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ іс жүргізу қызметтері қызметкерлері мен архившілердің біліктілігін арттыру.
⚜️Модератор: Тащанова Салтанат Нұртасқызы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының басшысы.
⚜️Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің архивистері біліктілігін арттыруда. Ағымдағы жылдың 6 қарашасы күні семинардың пленарлық бөлігінде спикерлерінің баяндамалары тыңдалды: ҚР Ұлттық архивінің Архивтік технологиялар және цифрландыру бөлімінің басшысы Е.Н.Жанабеков «Сканерлеу-тарихи және мәдени мұраны сақтау құралы», ҚР МАМ министрлігінің Ғылыми-техникалық құжаттаманың Орталық мемлекеттік архивінің директоры Б.А.Жұматаева «Ғылыми-техникалық құжаттаманы сканерлеу және цифрландырудың ерекшеліктері», ҚР МАМ Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік архивінің бас сақтаушысы Ю.Г.Волчкова «Сканирование и оцифровка аудиовизуальных документов», Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Ж.Б.Бимолдин «Астана қаласы архивінің мысалында мұрағат құжаттарын цифрландырудың өзекті мәселелері», Қостанай облысының мемлекеттік өңірлік архивінің инженер-бағдарламашысы С.Е.Пушкарев «Из опыта работы Государственного областного архива Костанайской области по сканированию архивных документов» тақырыптарындағы баяндамалары /слайдпен/ қатысушы қауымға ұсынылып, сұрақ-жауап түрінде пікірталас өрбіп, тиімді тұстары айтылды. Сонымен қатар, аймақтарда құжаттарды сканерлеу және цифрландыру мәселелері талқыланып, қорытынды жасалды.
KZ


