#НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
🌷Құрметті әріптестер, достар!
🌷Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
🌷Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
🌷Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамы әр шаңыраққа бірлік пен бақ-береке, молшылық әкелсін.
🌷Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, шуақты күндер, бақытты өмір, еңбекте шығармашылық табыс тілейміз. Істеріңізге береке, елімізге құт – мереке әкелсін!
🌷Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен: Шымкент қалалық мемлекеттік архив ұжымы 💐
KZ
