Құттықтау💐
🔹Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің жеке текті қорларында ғылым, спорт, білім, мәдениет, өнер және қоғамдық қызметтің басқа да салаларының дамуына лайықты үлес қосқан өңіріміздің белгілі тұлғаларының құжаттары сақталады.
Мұндай жеке архив қорлары көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу үшін де үлкен маңызға ие.
Ағымдағы жылдың 19 тамызында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қор құрушысы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» атағының, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» медалінің және Д.А.Қонаев атындағы орденнің иегері, «Үш Татьяна» деген атпен елімізге танылған қазақ әндерін үздік орындаушылардың бірегейі – Мартыненко Татьяна Владимировна 60 жасқа толып отыр.
Құрметті Татьяна Владимировна!
Сізді 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алпыс жас — өмір жолындағы аса маңызды белес, мол тәжірибе мен биік жетістіктердің, сый-құрмет пен абыройдың айқын көрінісі. Осы жылдар ішінде еңбегіңізбен, адамгершілігіңізбен және ерекше талантыңызбен қалың көпшіліктің құрметін
KZ


