Skip to content

Құттықтау💐 Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің, «Шымкент қаласын дамытуға қосқан…

Құттықтау💐

Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің, «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қор құрушысы, елімізге танымал опера әншісі Сейілбекова Уралхан Каналбайқызын 50 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздің шығармашылық өміріңізге қатысты құжаттар мен тарихи материалдардың архив қорында сақталуы – өңірдің мәдени-рухани тарихын толықтыратын бағалы дерек көзі, кейінгі ұрпаққа аманатталған мұра болып қала береді.

Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілейміз. Қазақ өнерінің көкжиегін кеңейту жолындағы еңбегіңіз еселеніп, халқымыздың мәдени мұрасын байыта берсін. Өнердегі өрісті жолыңыз бен архив қорында сақталған өміршең мұраңыз кейінгі ұрпаққа тағылым болып, есіміңіз ел жадында мәңгілік сақтала берсін.

Мерейтойыңыз құтты болсын!

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ұжымы