Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
🏛 Сіздерді 2 наурыз, сағат 11:00-де көркем гимнастикадан Азияның абсолютті чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Әлия Юсупованың «ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТҚАН ДАҢҚТЫ ГИМНАСТ» атты кездесуіне және жеке қорын салтанатты қабылдау шарасына шақырамыз 🙌🏻
Іс-шара аясында спорт саңлағы пайдаланған жеке заттар мен маңызды архивтік құжаттар негізінде жасалған арнайы көрме ұсынылады. Сондай-ақ, кеште жас гимнастшылардың өнері мен мерекелік бағдарлама күтеді.
Баршаңызды асыға күтеміз 😊✨
📍 Өтетін орны: Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ғимараты
#алияюсупова
KZ
