Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Шымкент қаласында алғаш рет «Мирас» халықаралық түркі сәндік этнодизайнерлер форумы өтеді. Шымкент қаласы әкімдігі мен Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қоры бірлесе отырып ұйымдастырған форумға Әзірбайжан
Қырғызстан
Түркия
Өзбекстан және еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларының танымал сән дизайнерлері мен үздік қолөнер шеберлері қатысады.
21 қараша сағат 11:00 де «Қызғалдақ» сарайында, «ТҮРКІ КИІМТАНУЫ ЖӘНЕ ӨРНЕК СЕМИОТИКАСЫ»
Атты ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ, 17:00 де көрме орталығында этнодизайнерлердің сәндік дефилесі өтеді.
22 қараша күні сағат 10:00 де «Қызғалдақ» сарайында: қолөнер шеберлері мен этнодизайнерлердің шеберлік сағаттары өткізіліп, 15:00 де түркі мәдениетінің амбассадоры «Тұран» ансамблінің музыкалық-фольклорлық туындыға негізделген қойылымы көрермен назарына ұсынылады.
Біз сіздерді сән әлемінің салтанатты шарасында күтеміз!
KZ