Skip to content

Көңіл айту… Қазақтың маңдайына біткен арқалы ақындарының бірі де бірегейі,…

Көңіл айту…

Қазақтың маңдайына біткен арқалы ақындарының бірі де бірегейі, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың іңкәр жүрегі соғуын тоқтағандығы жөнінде хабар республика халқын бейжай қалдырмағаны рас.

Мұхтар Шаханов ағамыз қазақ әдебиетіне ғана емес, ұлтты мүлде мен ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, сондай-ақ 1986 жылы Желтоқсан оқиғасының ақиқатын ашуға зор үлес қосқан тұлға еді. Орны бөлек ақын ағамыз өз елінде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде сый-құрметке ие болды. Түрлі мемлекеттердің марапатын, атақтарын иеленді. Сонда да болса, жұртшылық Мұхтар ағаның өмірі Шымкент қаласымен тығыз байланысқанын біле бермеуі мүмкін.

Сондықтан, ақын өмірінің Шымқалаға қатысты тұстарын елдің назарына ұсынуды жөн көрдік.

Ақын өзінің еңбек жолын 1958-1959 жылдары «Жұлдыз» колхозында бастаған болса, 1960 жылы Шымкент қаласындағы «Чимкентпромстрой» трестіне қарасты «Индустрой» құрылыс учаскесінде бетоншы, ал 1960-1965 жылдары қолына қалам алып, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып жалғастырған.

1969 жылы Н.Крупская атындағы Шымкент мемлекеттік педагогикалық инстиутын «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Ақынның «Сырдария» атты алғашқы өлеңі 1959 жылы жарияланған.

Сол сияқты ақынның «Бақыт» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1966 жылы Шымкент қаласында шыққан.

Мұхтар ағамыз мықты ақын, қоғам қайраткері, дипломат ғана болмай, халық арасына кең тараған керемет әндердің де («Жұбайлар жыры», «Туған күні кешінде», «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім») авторы.

Қазақ әдебиетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚР Халық депутаттары Шымкент қалалық Кеңесінің 21 шақыруындағы 1992 жылғы 20 маусымдағы №246 қаулысымен Мұхтар Шахановқа «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Артына өшпес мұра – отты жырлары мен рухты шығармалары қалған Асыл Азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғылы қазаға байланысты Көңіл айтамыз.