Skip to content

🏛 КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 🏢…

🏛 КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

🏢 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық мемлекеттік архивінде болды.

🗂 Сапар барысында Комитет төрағасы мекеменің негізгі қызметімен, инфрақұрылымымен және қор сақтау қоймаларындағы қауіпсіздік 🔐 пен климаттық жүйелердің 🌡 жай-күйімен танысты.

Сонымен қатар, тарихи құжаттарды цифрландыру 💻 және қалпына келтіру 📜 жұмыстарының барысы бағамдалды.

📚 Мекемені аралау кезінде тақырыптық тарихи-танымдық көрмелер мен жаңа құжаттар жинақтары таныстырылды.

А. Құрманова ұлттық мұраны сақтау және архив саласын заманауи талаптарға сай дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті

#МәдениетЖәнеАқпаратМинистрлігі
#АрхивКомитеті #ШымкентАрхиві #мемлекеттікархив