Skip to content

«Дөңгелек үстел» отырысы өтті 2026 жылғы 10 қыркүйек күні Шымкент…

«Дөңгелек үстел» отырысы өтті

2026 жылғы 10 қыркүйек күні Шымкент қалалық мемллекеттік архивінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалдарының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел» мәжілісі өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтардың архивтік құжаттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен архив мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.