Skip to content

#АРХИВ_ТЫНЫСЫ «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кешенді жоспарына…

#АРХИВ_ТЫНЫСЫ

«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кешенді жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 17 наурызында «Асанбай Асқаров атындағы №77мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Архив. Ұлттық сана. Болашақ ұрпақ» жобасы аясында оқу-лекция ұйымдастырылды.
Мақсаты – жастарды ғылыми жұмыстар жүргізу мен зерттеушілікке баулу, архив құжаттарын пайдалана отырып, еліміздің тарихына қызығушылықтарын арттыру, архив құжаттарын насихаттау, архив қызметінің қоғамдағы маңызы мен ролін түсіндіру, имиджін көтеру.
Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Баян Шыңғысбекова шетелден әкелінген Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды жастарға таныстырды.
Архивист Д.Абдуллаева шетелден әкелінген құнды құжаттар бойынша «Өңір тарихы архив құжаттарында» тақырыбымен жасанды интелектті қолдана отырып баяндама жасады.
Іс – шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, жақсы әсерлерімен бөлісіп, архив мамандары туындаған сұрақтарына жауап берді.