Skip to content

#АРХИВ_ТЫНЫСЫ # Практикалық–әдістемелік семинар. ⚜ 2026 жылы 8 сәуірде Шымкент…

#АРХИВ_ТЫНЫСЫ

# Практикалық–әдістемелік семинар.
⚜ 2026 жылы 8 сәуірде Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Ведомствалық архив ісі» бойынша 90 мекеменің ведомстволық архив мамандарына практикалық–әдістемелік семинар өтті.
⚜ Әдістемелік семинарға Шымкент қаласының әкім аппараты, мәслихат, сот, прокуратура, заң органдары, Шымкент қаласына қарасты басқармалар, департаменттер және банк, өндірістік саласының архив ісіне жауапты мамандары қатысты.
⚜ Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімнің басшысы Б.Шыңғысбекова және архивист У.Егембердиева, А. Жақсыбаева «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №235 бұйрығына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 14 қарашадағы №544-НҚ бұйрығымен өзгеріс енгізілгені туралы баяндама /слайдпен/ оқыды.

⚜ Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық перинатальдық орталығының» архивисі Ж.Абдраймова құрылымдық бөлімдерден құжатты қабылдау, тізімдеме жасау, ведомстволық архивтің жұмысын ұйымдастыру бойынша баяндама жасап, слайд және видео роликпен өз тәжірибесімен бөлісті.
⚜ Әдістемелік семинарда қызметкерлердің жұмыс барысында туындаған сұрақтарына архив мамандары жауап беріп, қорытындыланды.