АРХИВ_ТЫНЫСЫ
«Е-Архив» АЖ
2026 жылғы 9 қыркүйекте «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің бөлім басшысы Б.Шыңғысбекова, архивист Д.Абдуллаева “Қазақстар Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті” қызметкеріне «Е-Архив» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүйе үкіметтік порталға түсуіне байланысты уақытша тоқтатылған еді, қазіргі таңда мердігер (service.bolashakengineering.kz) ұйым айқындалып, «Е-Архив» жүйесінің қайта іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жауапты мамандардың ауысуына байланысты жүйеге қайта қол жеткізу үшін логинь мен пароль қалыптастыру тәртібі түсіндірілді.
KZ




