АРХИВ_ТЫНЫСЫ
«Е-Архив» АЖ
2026 жылғы 25 маусымда «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің маманы А.Абдрасилова «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» КММ қызметкерлеріне «Е-Архив» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүйе үкіметтік порталға түсуіне байланысты уақытша тоқтатылған еді, қазіргі таңда мердігер ұйым айқындалып, «Е-Архив» жүйесінің қайта іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жауапты мамандардың ауысуына байланысты жүйеге қайта қол жеткізу үшін логинь мен пароль қалыптастыру тәртібі түсіндірілді.
KZ


