#АРХИВ_ТЫНЫСЫ
#22 желтоқсан – Архившілер күні
⚜️Айтулы мереке ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысы негізінде «22 желтоқсан – Архившілер күні» болып бекітілген
⚜️Тарих парақтарын көзінің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ететін Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің мамандары және ведомстволық архившілер бүгін кәсіби мерекелерін атап өтіп, «Архив – ел мұрасы» атты іс-шара ұйымдастырды.
⚜️Іс-шара барысында Архившілердің Әнұраны орындалып, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары М. Ундасинова, бөлім басшысы М. Утепова, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры А. Амангельдиева архив ісінің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды кәсіби мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
⚜️Сондай-ақ, қалалық мемлекеттік архив маманы А. Сейтаева «Жүйелі жұмыстар, айқын көрсеткіштер» атты баяндамасын слайд арқылы таныстырып, архив саласындағы тыныс-тіршілік пен қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды.
⚜️Мерекелік іс-шара аясында осы салада ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткен мамандар марапатталды. Атап айтқанда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісі М. Саттароваға, «Құрмет Грамотасы» Ұ. Егембердиеваға, «Алғыс хат» А. Жақсыбаеваға табысталды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының және Шымкент қалалық мемлекеттік архиві директорының «Алғыс хаттарымен» Ш.Айдархан, Қ. Төретай, Г.Байзақова, Д. Абдуллаева, Д. Тасболатов, У.Маженова, А. Есимбекова, Ж. Жаркимбаева және жинақтаушы қор көздерінің архившілері марапатқа ие болды.
⚜️Кәсіби мерекеге орай әр бөлім өз өнерлерін көрсетіп, нәтижесінде «Дипломмен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
⚜️Салтанатты шара «Шымкент концерт» концерттік ұйымының» (филармония) әншілері Т. Бегалиев пен Ж. Әшірбектің әсем әндерімен қорытындыланды.
KZ









