«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында 2026 жылы 26 наурызда Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің білім алушылары мен «Shymkent jogary pedagogikalyq kolledji» жеке мекемесінің білім алушыларына тарихымыздың құндылықтарын жинақтап, сақтап, толықтырып отырған архив мекемесінің маңыздылығы мен қоғамдағы ролі туралы мәлімет берді. Отандық және Ресей, Өзбекстан мемлекеттері архивтерінен әкелінген Шымкент өңіріне қатысты құнды құжаттар, еліміздің дамуына қарымды үлес қосқан дара тұлғалардың жеке тектік құжаттары және т.б. құжаттар негізінде жасақталған көрме таныстырылды.
Іс-шара барысында қалалық архивтің тыныс-тіршілігін баяндайтын бейнеролик көрсетіліп, «Автоматтандырылған архивтік технологиялар, ақпараттық желі мен деректер қорын құру» бөлімінің жұмыс барысымен танысты.
KZ



