Skip to content

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы ⚜️2026 жылғы 17 маусымда Мәдениет…

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы

⚜️2026 жылғы 17 маусымда Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен “Архив және болашақ ұрпақ” жобасы аясында қалалық архив қызметкерлері Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің білім алушыларына архив мекемесінің негізгі қызмет бағыттары, тарихи құжаттарды жинақтау, сақтау және келер ұрпаққа жеткізудегі архивтің маңызды рөлі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сондай-ақ архивтің қоғамдағы орны, ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы маңызы түсіндірілді.
⚜️Іс-шара аясында қатысушыларға халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңдердің бірі – ашаршылық туралы деректі бейнеролик көрсетіліп, архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарының барысымен таныстырылып, Ресей мен Өзбекстаннан әкелінген Шымкент өңіріне қатысты архивтік құжаттар мен елімізге белгілі тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде жасақталған көрмені көрді.
⚜️Білім алушылар архив қорында сақталған құнды тарихи деректермен танысып, тарихи мұраны сақтау мен зерттеудің маңызын тереңірек түсінді.