«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы
⚜️2026 жылғы 10 маусымда Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен “Архив және болашақ ұрпақ” жобасы аясында қалалық архив қызметкерлері Шымкент қаласының білім басқармасының “Энергетика және байланыс колледжінің” білім алушыларына архив мекемесінің қызметі, тарихымыздың құндылықтарын жинақтау, сақтау және келер ұрпаққа жеткізудегі маңызы, сондай-ақ архивтің қоғамдағы орны мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі туралы мәлімет берілді.
⚜️Іс-шара барысында қатысушыларға халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңдердің бірі – ашаршылық туралы деректі бейнеролик көрсетіліп, архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарының барысы таныстырылып, елімізге белгілі тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде жасақталған көрме ұсынылды. Білім алушылар архив қорындағы құнды деректермен танысып, тарихи мұраны сақтау мен дәріптеудің маңызын тереңірек түсінді.
KZ




