Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ 📚«XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер»…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
📚«XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер» көрмесі

🏛️Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің тапсырмасымен 2026 жылы 30 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, Шымкент қалалық мемлекеттік архиві мамандарының ұйымдастыруымен қалалық архив базасында Қазақстан тарихына қатысты «XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер» атты Иран Ислам Республикасының архив қорларынан алынған көне қолжазбалар мен жәдігерлерден тұратын құнды құжаттар көрмесі өтті.
🇰🇿Қазақстанның ірі қалаларында (Астана, Алматы, Шымкент және т.б.) ұйымдастырылатын көне қолжазбалар мен жәдігерлер көрмесінің Шымкент қаласында өтуі – тарихи маңызды оқиға! 🎥Бұл көрме – ұлтымыздың терең тарихын жаңа қырынан танытатын, өткені мен бүгінді жалғайтын алтын көпір іспетті тағылымды бастама. Иран архивтерінен табылған сирек қолжазбалар-халқымыздың XVIII ғасырдағы саяси, мәдени және дипломатиялық өмірінен тың деректер ұсынатын аса құнды мұра.
📖Тарихи шараға «Энергетика және байланыс колледжі» студенттері, архив мамандары қатысты.
📖«Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ-нің басшы орынбасары Т.Құсаинова баяндама жасап, Иран архивтерінен алынған көне қолжазбалар мен құнды құжаттардың тарихи маңыздылығына тоқталды. «XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректердің» Қазақстан Республикасына әкелу жолын бейнелейтін, «Архив-2025: Шетел архивтерінен әкелінген құжаттар» бейнероликтері көпшілік назарына ұсынылды.
✅Көрме таныстырылып, жастарға тарихқа терең үңіліп, жаңа деректермен танысудың тамаша мүмкіндігі болды.