#АРХИВ ТЫНЫСЫ
#Тұсаукесер
📚2026 жылы 11 қыркүйекте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «КІТАП TIME – 2026» V жалпы республикалық фестивалі аясында Қазақстанның Құрметті жазушысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, сатирик Мұхтар Шерімнің «A HUMAN BUT NOT HUMAN» («Адамға ұқсаған адам») атты Пәкістан мемлекетінде ағылшын тілінде жарық көрген екі бөлімді кітабының тұсаукесер кеші өтті. Аталған шарада Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жеке тектік қор құрушысы Мұхтар Шерімнің жеке құжаттары негізінде жасақталған көрмені көпшіліктің назарына ұсынды.

KZ







