Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ 🔹Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 🏛️Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
🔹Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
🏛️Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласындағы «Sheraton» конференц-залында 2026 жылы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар және тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
🔹Ауқымды конференция жұмысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының, сондай-ақ Түркия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының ғалым-тарихшылары, қала және өңір архивтерінің басшылары мен архившілері қатысты.
🔹Конференцияның секциялық отырысында «Құжаттарды қалыптастыру Ұлттық архив қорының сапалы құрамының кепілі», «Архив басылымдары:тарих, тағылым, таным», «Ұлттық архив: кеше, бүгін, ертең», «Архивтегі жасанды интеллект: тарихты сақтаудың жаңа жолы» тақырыптары талқыланды.
🔹«Ұлттық архив: кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы секциялық отырыста Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры Айпар Шажалықызы Амангельдиева «Ұлттық архив пен өңірлік архивтердің сабақтастығы: тарихи мұраны сақтау мен ғылыми ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты баяндама жасады. 📚Бүгінгі таңда Ұлттық архив Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің орнығу кезеңінен бастап, 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қарқынды дамуын айшықтайтын құжаттық дереккөздердің сақталуын қамтамасыз етіп келеді. Бұл мерейтой – еліміздің архив ісі тарихындағы маңызды белес. Ол ұлттық құжаттық мұраны сақтау, ғылыми айналымға енгізу және оны келер ұрпаққа жеткізу бағытында атқарылған ауқымды жұмыстарды саралауға мүмкіндік беретін айтулы оқиға.