#АРХИВ ТЫНЫСЫ
«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы
🔹Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында алдыңғы буынның еңбек жолдарын үлгі ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, архивтің қоғамдағы беделін көтеру және жас ұрпаққа насихаттау мақсатында 2026 жылы 21 қыркүйекте Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Ашық есік» күні өтті.
📖Аталған шараға Шымкент қаласы білім басқармасының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің», «Ә. Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің», «Индустриалды-техникалық колледжінің» студенттері қатысты. 📚Архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын, құнды құжаттармен толықтырып, жинақтап отырған мемлекеттік мекеме екендігін түсіндірілді. Жастар еліміздің дамуына қарымды үлес қосқан дара тұлғалардың жеке тектік құжаттары және т.б. құжаттар негізінде жасақталған «Тарихыңды тани біл» атты көрмені тамашалады. Сонымен қатар, «Оқушылар сарайының» өнерпаздары әсем билерімен өнер көрсетті.
💐Қазақ көңілінің дем берер көркі саналатын, әуезді әсем ән қазақтың қазына-жауһарлы көмбесінде жетерлік. Өнердің бұл бекзада үлгісінің өркен жая өрістеуіне өлшеусіз үлес қосып, қазақ өнерін ерекше даусымен шетелдерге танытып жүрген, қайталанбас дауыс иесі – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Шымкент қаласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» төс белгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Шымкент қалалық опера және балет театрының жетекші солисі, архивтің жеке тектік қор құрушысы – Сейлбекова Уралхан Каналбайқызымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде жастар өнер иесіне көкейіндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптарын алды.
*🎥Іс-шара барысында БАҚ өкілдері сұхбат алып, жергілікті телеарналар түсірілім жасады. Жастар архивте өткізілген «Ашық есік» күнінен тағылымы мол әсер алды.

KZ












