# АРХИВ ТЫНЫСЫ
АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ
⚜️Түркістанның Генерал Губернаторының Канцеляриясында 1868 жылдың 1 сәуірінде тіркелген құжатта Сырдария облысындағы ауылдарды ұйымдастыру жөнінде мәселе көтерілген және бұл Канцелярияның өзі, Генерал Губернатор отырған қалада- Ташкент қаласында орналасқандығы көрсетілген.
-Ташкент қаласында орналасқан Сырдария облысының Әскер губернаторының атына жазылған (29 сәуір 1868 ж., №2393) Рапортта бөлімше басшысы А.Михайлов, қала тұрғындарының басым көпшілігі таза емес суды пайдалануына орай және қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында қала орталығындағы тері өңдеу зауытын қаланың батыс бөлігіне көшіру жөнінде полковник Шустовтың ұсынысын қолдау жөнінде баяндалған.
⚜️Осыған қарағанда, 1990 жылдардың орта шеніне дейін жұмыс жасап келген Шымкент тері-галантереялық фабрикасы өзінің бастауын сонау 19 ғасырдың екінші жартысын алса керек.
-1854 жылы Верный елдімекеннің іргетасы қаланған болса (кейін Верный қаласы, қазіргі Алматы қаласы), 1864 жылы генерал Веревкин Қоқан хандығындағы Түркістанды, ал генерал Черняев сол жылы Тоқмақ, Әулие-Ата қамалдарын және жойқын шабуылмен Чимкентті, соңынан Ташкентті иемденген.
⚜️Чимкентті жаулап алғаны үшін аталған генерал үшінші дәрежелі св.Георгий орденімен марапатталған. Алғашында Чимкент жаңа-қоқан қырғыз тізіліміне (линии) енген болса, 1865 жылдың 12 ақпанынан Түркістан облысының құрамына, ал 1867 жылдың 11 шілдесінен Сыр-Дарья облысындағы Түркістан генерал-губернаторының отряд құрамына Уездік қала ретінде қосылған.
-1856 жылы ташкенттік беклярь-бек Мырза-Ахмедтің бастамасымен Чимкентте базар құрылған және дәл сол жылы Мырза-Ахмедтің өкімімен Чимкенттің хокими (әкімі) болып Саид-Ходжа тағайындалған.
-Бүкілхалықтық санақ бойынша 1897 жылы Чимкент қаласында 11194 тұрғын тіркелген, оның 6185-і ерлер, 5009-ы әйелдер болған болса, Чимкенттік уездік бастықтың есебі бойынша 1910 жылы қалада жалпы халық саны 15940-болып, оның 8097-ін ерлер, 7843-ін әйелдер құраған.
📌Архив материалдарын күтіп жүріңіздер!
KZ
