# АРХИВ ТЫНЫСЫ
АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ
⚜️Шымкент қалалық мемлекеттік архиві (бұдан әрі – қалалық архив) бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес, алыс және жақын шетел архивтерінен алып келінген Шымқаланың тарихына қатысты деректерді зерделеп, қала тұрғындарына аракідік ұсынып отырады.
⚜️Бүгін қалалық архив, қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылардың назарларына ҚР Орталық мемлекеттік архивінен, Алматы қаласы Ғылыми-техникалық құжаттама орталық мемлекеттік архивінен және Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінен әкелінген Шымкент қаласының тарихына қатысты кейбір деректерді ұсынады.
-Шымкент қаласының атауы, өзі айтып тұрғандай «шым және кент-қала» деген мағынаны білдіреді, өйткені көне заманда қаланың дуалдары негізінен шымнан тұрғызылатын болған.
-Чимкент қаласының ресми гербі жобасы алғаш рет 1866 жылы Б. Кене деген азаматпен ұсынылған. Алайда, ол жоба соңынан бекітілмеген.
-Шымкент химия-фармацевтикалық зауыты (қазіргі SANTO) 1882 жылы сантонин өндіру үшін құрылған Қазақстандағы ең көне фармацевтикалық компания. Кеңес Одағы кезінде алдыңғы қатарлы дәрі-дәрмек өндіруші кәсіпорынға айналды, ал 2011 жылы Polpharma тобына кіргеннен кейін GMP стандартына сай жаңартылып, 280-нен астам дәрі-дәрмек түрін шығарып, өнімін экспортқа шығарды.
⚜️1882 ж.: көпестер Иванов пен Савенков жусаннан антигельминтикалық сантонин шығаратын зауыт құрды.
1921–1925: В.И. Ленин фабриканы басқару туралы декрет шығарады. 1925 жылы кәсіпорын «Феликс Дзержинский атындағы бірінші мемлекеттік химия-фармацевтикалық зауыты» болып аталып, морфин, эфедрин және басқа да препараттар шығарыла бастады.
Кеңестік кезең: Зауыт 35 елге өнім экспорттай отырып, КСРО-да дәрілік заттардың негізгі өндірушісі болды.
⚜️ Қалалық архивтегі деректер сарапталуына орай, Шымкент шаhарының тарихына қатысты жаңа мәліметтер қосымша жүктеліп отыратын болады.
📌Архив материалдарын күтіп жүріңіздер!
KZ
