Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ 🇰🇿«Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» мерекелік іс-шарасы 📖Шымкент қалалық мемлекеттік…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
🇰🇿«Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» мерекелік іс-шарасы

📖Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің 2026 жылғы жоспарына сәйкес, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай 2026 жылы 5 мамырда «Ардагерлеріміз – ардақтыларымыз» атты мерекелік іс-шара өткізді.
🔹Іс-шараға Тыл ардагері, «Энергетика және байланыс колледжі» студенттері, архив мамандары қатысты.
📚Ұлы Отан соғысы жылдары еңбек майданында Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан Тыл ардагері, «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры – Жүзбай Қырғызбаев есте қалар естеліктерін әсерлі әңгімеледі. Жетістікке жетудің негізгі кілті – үздіксіз еңбек пен білім екендігін жастарға ерекше атап өтті. Бүгінгі таңда тоқсан жастың төріне шыққан белгілі ғалым, туған жерінің «Құрметті азаматы» Жүзбай атамызға мекеме басшысы Айпар Амангельдиева мерекелік құттықтау тілегін айтып, сый-сияпат жасады.
🎥Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві қорынан алынған «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты деректі фильмі көрсетілді.
🔹Сонымен қатар, «Синий платочек» әні мен биі сол кезеңдегі жігерлі жастардың бейнесін айшықтаса, архившілердің орындауындағы «Ана туралы баллада» әні соғыс жылдарындағы аналарының ерлігі мен төзімін әсерлі жеткізді.