Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ 1 наурыз жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
1 наурыз жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.

⚜️Көктемнің алғашқы күнінде әр саланың еңбек жолында маңдай терін төккен қаншама жандар бір-біріне риясыз алғысын айтып, құрмет көрсетеді.
⚜️Адамзат баласын жақындастыратын құнды қасиет – адамгершілігі. Адамгершілігі мықты жанның әркезде де өзгелерге көмектесіп, алғыс алуы анық. Бір-біріне алғыс айту арқылы өскелең ұрпақтың достығы мен бір-біріне деген құрметі артады.
⚜️Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде көп жылдар еңбек етіп, саланың жүйелі жұмыс жүргізілуіне үлкен үлес қосқан ардагеріміз – Ералиева Мағрипа Айтымбетқызына алғыс айтамыз. Архив қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі – тарихқа деген құрмет пен жауапкершіліктің айғағы. Ол еңбек жолында өзінен кейінгі жас мамандарға саланың қыр-сырын үйретті. Өзінің білімі мен біліктілігі, сыпайы мінезімен, адамгершілігімен ұжымда сыйлы болды.
⚜️Мағрипа Айтымбетқызы архив саласына қосқан еңбегіңіз үшін рахмет! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт тілейміз.