Skip to content

Архив ісі мен іс жүргізу: Мамандардың біліктілігін арттыру семинары өтті…

Архив ісі мен іс жүргізу: Мамандардың біліктілігін арттыру семинары өтті

🗓 2026 жылдың 11 ақпан Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде қалалық мекемелердің іс жүргізуге жауапты мамандарына арналған «Іс жүргізу және архив ісі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Шымкент қалалық аймақтық сайлау комиссиясы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты, Абай ауданы, Әл-Фараби ауданы, Еңбекші ауданы, Қаратау ауданы, Тұран ауданы, департаменттер, Жоғары білім беру, Орта және кәсіби білім беру, Өндіріс орындары мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
📌 Жиын барысында:
🔹 Мекеме басшысының орынбасары Б. Есқараев семинардың негізгі мақсатын түсіндірді.
🔹 Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б. Шыңғысбекова мекемелердегі құжат айналымы мен архив ісінің бүгінгі жай-күйіне талдау жасады.
🔹 Ж. Кукебаева «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң талаптарын түсіндірсе, А. Абдрасилова құжат айналымын ұйымдастыру тәртібі туралы баяндады.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының маманы А.Жұмаева «Мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу» тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісті.
✅ Семинарда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен Үлгілік қағидалар негізінде істер номенклатурасын түзу, құжаттарды ресімдеу және сараптау комиссиясының жұмысы кеңінен талқыланды.

Қатысушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, өзара тәжірибе алмасты.