Skip to content

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі…

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» болып жариялануына орай «Менің еңбегім – елімнің дамуына үлес» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет саласының үздігі Д.Джумаев кешті жүргізіп, еңбектің адам өміріндегі және ел дамуындағы маңызына тоқталды. Шараны кітапхана директор орынбасары ГАлпысбаеваға сөз ашып, еңбекқорлықтың, жауапкершілік пен кәсіби ізденістің қоғамдағы рөлін атап өтіп, адал еңбек арқылы ел дамуына үлес қосу әр азаматтың ортақ міндеті екенін айтты.
Шарада «Атамекен» медициналық орталығының бөлім меңгерушісі А.Демеуов, Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Б.Шыңғысбекова, Шымкент қаласы Білім басқармасы №2 Оқушылар сарайының спорт және сауықтыру бөлімінің меңгерушісі Р.Ембергенов, А.Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі О.Ақжолова өздерінің еңбек жолдары, еңбек адамы туралы ойларымен бөлісті.
Кездесу барысында әнші О. Анарбек пен Н. Мұстафа музыкалық шығармалар орындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш барысында әр сала мамандары еңбек жолы мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, адал еңбек, жауапкершілік және ел дамуына үлес қосудың маңызы туралы ой қозғады.
Кеш барысында әндер орындалып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Еңбек – елдің берекесі, әр адамның еңбегі – қоғам дамуына қосылған үлес!