Архив және болашақ ұрпақ» жобасы
• Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен “Архив және болашақ ұрпақ” жобасы аясында қалалық архив қызметкерлері 2026 жыл 24 қарашада Шымкент энергетика және байланыс колледжі білім алушыларына архив мекемесінің негізгі қызмет бағыттары, тарихымыздың құндылықтарын жинақтау, сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы, сондай-ақ архивтің қоғамдағы орны мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі туралы кеңінен ақпарат берілді.
• Іс-шара аясында қатысушыларға Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарының барысы таныстырылды. Сонымен қатар елімізге танымал тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде жасақталған көрме ұсынылды. Білім алушылар архив қорындағы құнды деректермен танысып, тарихи мұраны сақтау мен дәріптеудің маңызын тереңірек түсінді.
KZ






