📚«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы
🔷Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен “Архив және болашақ ұрпақ” жобасы аясында қалалық архив қызметкерлері 2026 жыл 28 қыркүйекте Шымкент қаласы білім басқармасының «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» білім алушыларына архив мекемесінің қызметі, тарихымыздың құндылықтарын жинақтау, сақтау және келер ұрпаққа жеткізудегі маңызы, сондай-ақ архивтің қоғамдағы орны мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі туралы мәлімет берілді.
🔷Іс-шара барысында қатысушыларға, архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарының барысы таныстырылып, елімізге белгілі тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде жасақталған көрме ұсынылды. Білім алушылар архив қорындағы құнды деректермен танысып, тарихи мұраны сақтау мен дәріптеудің маңызын тереңірек түсінді.
KZ






