Skip to content

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі…

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» болып жариялануына орай «Менің еңбегім – елімнің дамуына үлес» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет саласының үздігі Д. Джумаев кешті жүргізіп, еңбектің адам өміріндегі және ел дамуындағы маңызына тоқталды.

Шара барысында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің бөлім басшысы Б. Шыңғысбекова еңбек жолы мен кәсіби қызметі, еңбек адамының қоғамдағы орны және өз еңбегі арқылы ел дамуына қосып жүрген үлесі туралы ой бөлісті.