Skip to content

#АРХИВ_ТЫНЫСЫ ⚜ 2026 жылдың 24 қыркүйекте Шымкент қаласы денсаулық сақтау…

#АРХИВ_ТЫНЫСЫ

⚜ 2026 жылдың 24 қыркүйекте Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының “Мамандандырылған бөбектер үйі” КММ Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің архивисті Ұ.Егембердиева «Іс жүргізу мен архив ісі» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.
⚜ Өндірістік оқуға жоғарыда аталған мекеменің архив ісін үйлестіру бойынша жауапты мамандарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бекіткен Үлгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, Істер номенклатурасына сәйкес істерді қалыптастыру, ресімдеу, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мекеменің ведомстволық архивіне өткізу тәртібі, қабылдауы, сақтауы, оның ережесі, тізімдеме түзу, тарихи анықтама құру, мерзімі өткен құжаттарға жою актісін жасау тәртібі туралы түсіндірді. Ведомстволық архив қызметкерлерімен жұмыс барысында туындаған мәселелерін талқылап, практикалық көмек көрсетті.