Skip to content

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы 💠 2026 жыл 24 қыркүйекте…

«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы

💠 2026 жыл 24 қыркүйекте Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің бастамасымен “Архив және болашақ ұрпақ” жобасы аясында қалалық архив қызметкерлері Шымкент қаласы білім басқармасының Ақселеу Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейі оқушыларына архив мекемесінің қызметі, тарихымыздың құндылықтарын жинақтау, сақтау және келер ұрпаққа жеткізудегі маңызы, сондай-ақ архивтің қоғамдағы орны мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі туралы мәлімет берілді.
💠Іс-шара барысында қатысушыларға, архив құжаттарын цифрландыру жұмыстарының барысы таныстырылып, елімізге белгілі тұлғалардың жеке тектік құжаттары негізінде жасақталған көрме ұсынылды. Оқушылар архив қорындағы құнды деректермен танысып, тарихи мұраны сақтау мен дәріптеудің маңызын тереңірек түсінді.