Skip to content

«Архив. Ұлттық сана. Болашақ ұрпақ» жобасы аясында оқу-лекция ұйымдастырылды «Шымкент…

«Архив. Ұлттық сана. Болашақ ұрпақ» жобасы аясында оқу-лекция ұйымдастырылды
«Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кешенді жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 15 қыркүйекте Шымкент қаласының білім басқармасының «№83 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
10-сынып оқушыларының қатысуымен «Архив. Ұлттық сана. Болашақ ұрпақ» жобасы аясында оқу-лекция ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеушілікке баулу, архив құжаттарын пайдалана отырып, еліміздің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, архив құжаттарын насихаттау, архив қызметінің қоғамдағы маңызы мен рөлін түсіндіру және архивтің имиджін көтеру.
Іс-шара барысында Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Баян Шыңғысбекова шетел архивтерінен әкелінген Қазақстан тарихына қатысты құнды құжаттарды оқушыларға таныстырды.
Архивист Д. Абдуллаева шетел архивтерінен әкелінген құнды құжаттар негізінде «Өңір тарихы архив құжаттарында» тақырыбында жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, баяндама жасады.
Оқу-лекция барысында оқушылар архив құжаттары арқылы өңір тарихымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Архив мамандары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, архив құжаттарының тарихи маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара оқушылардың тарихқа және архив құжаттарына деген қызығушылығын арттырып, олардың оң әсерімен аяқталды.