АРХИВ_ТЫНЫСЫ
«Е-Архив» АЖ
2026 жылғы 9 қыркүйекте «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің маманы А.Жаксыбаева «ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент» РММ қызметкеріне «Е-Архив» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүйе үкіметтік порталға түсуіне байланысты уақытша тоқтатылған еді, қазіргі таңда мердігер (service.bolashakengineering.kz) ұйым айқындалып, «Е-Архив» жүйесінің қайта іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, жауапты мамандардың ауысуына байланысты жүйеге қайта қол жеткізу үшін логинь мен пароль қалыптастыру тәртібі түсіндірілді.
KZ


