Skip to content

#АРХИВ ТЫНЫСЫ #5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні 🔹2026…

#АРХИВ ТЫНЫСЫ
#5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні
🔹2026 жылы 4 қыркүйекте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Концерттік-көрме» орталығында «Қазақ тілі – ұлы даланың ұлтаралық тілі» қалалық форумы өтті.
📖Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, рухани мұрасы. Ол ұлттардың бірлігі мен татулығын нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, әр халықтың тарихы мен мәдениетін, игілігі мен құндылығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазына. Қазақ жазуының тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңнен өтті. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін қолданғаны белгілі. 1929-1940 жылдары латын графикасына негізделген әліпби енгізіліп, кейін кириллицаға ауыстырылды.
📚Форум аясында Шымкент қалалық мемлекеттік архиві архивтік құжаттар негізінде жасақталған көрмені көпшіліктің назарына ұсынды. Көрме-халқымыздың жазу тарихы мен рухани мұрасын таныстырып, өткенімізді зерделеуге мүмкіндік беретін құнды дерек көзі болып табылады.