Құттықтау💐
🔹Ағымдағы жылдың 19 тамызында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің қор құрушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» медалінің және Д.А.Қонаев атындағы орденнің иегері, «Үш Татьяна» деген атпен елімізге танылған қазақ әндерін үздік орындаушылардың бірегейі – Мартыненко Татьяна Владимировна 60 жасқа толып отыр.
Құрметті Татьяна Владимировна!
Сізді 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа, жүрегіңіз жылулыққа, шаңырағыңыз шаттыққа толы болсын! Алдағы жылдарыңыз жарқын сәттерге, жақсы жаңалықтарға және жаңа жетістіктерге ұлассын.
Әрдайым абырой биігінен көрініп, жақындарыңыздың ортасында бақытты ғұмыр кешіңіз!
Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ұжымы
KZ


