Skip to content

361 қор – ОҚО білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» МКҚК («Областной центр проведение школьных олимпиад» Управление образования Южно-Казахстанской области)

361 қор 96 сақ.бір. 1995-2017жж. 17.10.1995ж. – 24.08.2017ж.- ОҚО білім басқармасының «Мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы» МКҚК («Областной центр проведение школьных олимпиад» Управление образования Южно-Казахстанской области) Негізгі мақсаттары: білім саласында өндірістік -шаруашылық қызметті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен мектептен тыс ұйымның әрбір түрлі қызметінің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдердің негізінде өз қызметінің білім беру бағдарламасын әзірлейді. Қор құжаттарында: 1995-2017 жылдар аралығындағы жеке құрам бойынша бұйрықтары, 1998-2017 жылдар аралығындағы еңбек ақысын есептеу жеке есеп шоттары, міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлем тапсырмаларын аудару және қызметкерлердің тізімі, 2003,2007-2017 жылдар аралығындағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.