Skip to content

352 қор – Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» (ГУ «Южно-Казахстанский областное Социально-медицинское учреждение №5 для престарелых и инвалидов»)

352 қор 359 сақ.бір. 1966-2013 жж. 1965ж – Қарттар үйі (Дом престарелых) 1981ж. – Чимкент қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі (Чимкенсткий дом-интернат престарелых и инвалидов) 14.02.1992ж. – «Шымкент қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» (ГУ Шымкентский дом-интернат престарелых и инвалидов) 02.03.2009ж. -23.08.2013ж.-Оңтүстік Қазақстан облысының «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық – әлеуметтік мекемесі» ММ (ГУ «Южно-Казахстанский областное Социально-медицинское учереждение для престарелых и инвалидов») Негізгі мақсаттары: әлеуметтік қызмет көрсету орталығы -стационарлық жағдайдағы жасы 18-ден асқан I-II топ мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткер жасындағы қамқорлыққа мұқтаж жалғыз басты қарттарға арнаулы әлеуметтік кепілдік берілген көлемін көрсету болып табылады: -әлеуметтік – тұрмыстық қызмет -әлеуметтік- медициналық қызмет -әлеуметтік- психологиялық қызмет -әлеуметтік- еңбек қызмет -әлеуметтік- мәдени қызмет -әлеуметтік- құқықтық қызмет -әлеуметтік- экономикалық қызмет Мекемеде дәрігерлік қызмет тәулік бойы қызмет көрсетеді. Қор құжаттарында:1970- 2013 жылдар аралығындағы жеке құрам бойынша бұйрықтары, 1966- 2013 жылдар аралығындағы еңбек ақысын есептеу жеке есеп шоттары, міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлем тапсырмаларын аудару және қызметкерлердің тізімі, 1993- 2013 жылдар аралығындағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істері.