Skip to content

297 қор – «Казстройтехпроект» мемлекеттік жобалау институты (Государственный проектный институт «Казстройтехпроект»)

297 қор 50 сақ.бір. 1976-1994жж. 04.01.1976ж.-05.07.1988ж.- «Казоргтехстрой» мемлекеттік жобалау институты Чимкент филиалы (Чимкентский филиал Государственный проектный институт «Казоргтехстрой») 05.07.1988ж.-12.1994ж.- «Казстройтехпроект» мемлекеттік жобалау институты (Государственный проектный институт «Казстройтехпроект») Негізгі мақсаттары: сәулет және құрылыс қызметі (жобалау іздестіру қызметі, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдарын мен конструкцияларын өндіру (шығару), сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету; архитекторлық жобалау, құрылыс құжаттарын дайындау, құрылыс жобалау, технологиялық жобалау, инженерлік жүйелерін жобалау; арнайы жобалардың барлық түрлерін дайындау, сметалық құжаттарды қосқанда, қоршаған ортаны қорғау, коррозиядан қорғау, өрттен- қорғау сигнализациясын; инженерлік-геодезиялық іздестіру, құрылыс және өндіріс жобаларын ұйымдастыру жасау болып табылады. Қор құжаттарында: 1976-1993 жылдар аралығындағы жеке құрам бойынша бұйрықтары, 1976-1981,1983-1994 жылдар аралығындағы еңбек ақысын есептеу жеке есеп шоттары.