244 қор 303 сақ.бір. 2003-2018жж. 05.01.2005ж.-18.01.2010ж.- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының қаржы бөлімі (Акимат города Шымкента Южно- Казахстанской области Отдел финансов города Шымкента) Негізгі мақсаттары: Шымкент қаласының мемлекеттік бюджет саясатын жасау және жүзеге асыру; жергілікті бюджетті қалыптастыру мен орындау процестерін жетілдіру, бюджет бағдарламаларының әдістемесін ендіру, тиімділігіне баға беру; қала бюджетінің игеруін ұйымдастыру; бюджет қаржысының тиімді және мақсатты түрде жұмсалуын бақылау болып табылады. Қор құжаттарында: 2005-2018 жылдар аралығындағы жеке құрам бойынша бұйрықтары, 2006-2010 жылдар аралығындағы еңбек ақысын есептеу жеке есеп шоттары, міндетті зейнетақы және әлеуметтік төлем тапсырмаларын аудару және қызметкерлердің тізімі, 2003-2018 жылдар аралығындағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке карточкалары мен жеке істері.
KZ
